БҰҰ: Әрбір 11 минутта бір йемендік бала өледі
Қар 06, 2019 11:27 Asia/Almaty
БҰҰ-ның гуманитарлық мәселелерді үйлестіру жөніндегі басқармасы сейсенбі күні Йемен соғысының балалар үшін ауыр шығын келтіріп жатқанына тоқталып, әрбір 11 минутта бұл елдің бір баласы өлетінін жариялады.
«Фарс» ақпарат агенттігінің мәліметінше, БҰҰ-ның гуманитарлық мәселелерді үйлестіру жөніндегі басқармасы йемендік балалардың көбінің су мен азық-түлік тапшылығынан өлімге ұшырайтынын ескертті. Йеменде шамамен 11 млн бала өмір сүреді. Олардың шамамен барлығы гуманитарлық көмекке мұқтаж.
БҰҰ Бас хатшысының гуманитарлық мәселелер бойынша Бас хатшысының орынбасары Марк Лоукок: «Йемен тарихтағы ең қайғылы адами апатпен бетпе-беткеліп отыр»,- деді.