Ресей АҚШ-тың Иранға қарсы санкцияларын тоқтату қажеттігін қуаттады
Венадағы халықаралық ұйымдардағы Ресей өкілі АҚШ-тың Иранға қарсы әрекеттері мен мұнайға заңсыз санкция салуды тоқтату қажеттігін қуаттады.
ИРНА ақпарат агенттігінің мәліметінше, Михаил Ульянов сейсенбі күні кешке Иранның «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасындағы міндеттемелерін қысқарту саласындағы төртінші қадамына реакция білдіріп: «Иранның бұл шарасы болжанған мәселе. Өйткені Теһран уағдаластыққа сәйкес әр екі айда келісімдегі міндеттемелерінің бірін қысқартатынын жариялаған болатын. АҚШ Иранның мұнайына санкция салу саласындағы заңсыз әрекеттерін тоқтатуы керек»,- деді.
Бұдан бұрын Ресей Сыртқы істер министрінің орынбасары Сергей Рябков та Иранның ядролық мәселе жөніндегі келісімдегі міндеттемелерін қысқартудағы жаңа қадамын қисынды деп атап: «Ядролық келісімнің қазіргі жағдайына АҚШ жауапты»,- деген болатын.