АҚШ Иранның міндеттемелерін қысқартудағы төртінші қадамына сылбыр реакция білдірді
АҚШ Мемлекеттік департаментінің баспасөз хатшысы Иранның «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасындағы міндеттемелерін қысқарту саласындағы жаңа әрекетіне реакция білдірді.
Reuters ақпарат агенттігінің мәліметінше, Морган Ортагус сәрсенбі 6 қараша күні таңертең Иранның «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасындағы міндеттемелерін қысқарту саласындағы төртінші қадамына сылбыр реакция білдіріп: «Теһранның уран байытуды арттыру саласындағы бұл әрекеті қате жолдағы үлкен қадам. Вашингтон Атом Қуаты Халықаралық Агенттігінің Иранның ядролық бағдарламасы жөніндегі мәлімдемесін күтеді. Бірақ Иран ядролық бағдарламасындағы маңызды қадамдарын тоқтатқанша, бұл елге қарсы «мейлінше қысым көрсету» саясатын жалғастырады»,- деді. АҚШ үкіметінің Иран істері жөніндегі арнайы өкілі Брайн Хук сейсенбі күні Теһранның Вашингтон мен еуропалықтардың уәделерін бұзуына байланысты Теһранның әрекеттерінің жалғасуына сілтеме жасамастан: «Санкциясыз Иранды келіссөзге қайтару мүмкін емес»,- деді.