Ирандық ұстаз – әлемдік ғылым академиясының үздік ғалымы
Иранның Шираз университеті ғылыми кеңесінің мүшесі Хамидреза Пурқасеми жасы 40 толмаған бес ғалымның бірі ретінде TWAS-CASAREP әлемдік ғылым академиясының 2019 жылғы үздік ғалымы атанды.
ИРНА ақпарат агенттігінің мәліметінше, Иранның Шираз университетінің ғылыми кеңесінің мүшесі Хамидреза Пурқасеми университеттің ауылшаруашылық факультеті, табиғи ресурстар және экологиялық инженерия кафедрасының доценті ретінде сабақ береді.
TWAS-CASAREP әлемдік ғылым академиясын 1983 жылы Италияда дамушы елдердегі ғылымды дамыту мақсатында әлемнің үздік ғалымдарының тобы Нобель сыйлығының лауреаты Пәкістанның профессоры Абдәлсаламның құрметіне құрды. Бұл Академияның 90 елден 1116 мүшесі бар. Соның ішінде 73 мүшесі дамушы елдерден шыққан ғалымдар.