Жағалау футболынан құрлықаралық кубокта Иран командасы жартылай финалға жолдама алды
Қар 07, 2019 14:30 Asia/Almaty
Иранның жағалау футболынан ұлттық командасы сәрсенбі күні БАӘ-де өтіп жатқан 2019 жылғы құрлықаралық кубоктағы екінші ойынында Африка құрлығының чемпионы Мысыр командасымен сайысқа түсіп, 5:3 есебімен жеңді.
Tasnim News ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Иран ұлттық командасы бейсенбі күні түстен кейін топтық кезеңдегі соңғы ойынында Ресей командасымен бақ сынасады.
Иранның жағалау футболшылары сейсенбі күні осы кубоктағы алғашқы кездесуінде 7:4 есебімен Мексика командасын жеңген болатын.
Жағалау футболы-2019 құрлықаралық кубогы әлемнің ең үздік 7 командасының қатысуымен БАӘ-де өтіп жатыр.