Жағалау футболынан құрлықаралық кубокта Иран командасы жартылай финалға жолдама алды
https://parstoday.ir/kz/news/world-i44177-Жағалау_футболынан_құрлықаралық_кубокта_Иран_командасы_жартылай_финалға_жолдама_алды
Иранның жағалау футболынан ұлттық командасы сәрсенбі күні БАӘ-де өтіп жатқан 2019 жылғы құрлықаралық кубоктағы екінші ойынында Африка құрлығының чемпионы Мысыр командасымен сайысқа түсіп, 5:3 есебімен жеңді.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Қар 07, 2019 14:30 Asia/Almaty
  • Жағалау футболынан құрлықаралық кубокта Иран командасы жартылай финалға жолдама алды

Иранның жағалау футболынан ұлттық командасы сәрсенбі күні БАӘ-де өтіп жатқан 2019 жылғы құрлықаралық кубоктағы екінші ойынында Африка құрлығының чемпионы Мысыр командасымен сайысқа түсіп, 5:3 есебімен жеңді.

Tasnim News ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Иран ұлттық командасы бейсенбі күні түстен кейін топтық кезеңдегі соңғы ойынында Ресей командасымен бақ сынасады.  

Иранның жағалау футболшылары сейсенбі күні осы кубоктағы алғашқы кездесуінде 7:4 есебімен Мексика командасын жеңген болатын.

Жағалау футболы-2019  құрлықаралық кубогы әлемнің ең үздік 7 командасының қатысуымен  БАӘ-де өтіп жатыр.