Келесі аптада Трампқа импичмент жариялау үдерісі басталады
АҚШ Өкілдер палатасы барлау комитетінің басшысы сәрсенбі күні Президент Дональд Трампқа импичмент жариялауды талқылауға арналатын ашық жиналыстар келесі аптада басталатынын хабарлады.
Иран Телерадио бірлестігі ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Адам Шиф: "Трампқа импичмент жариялауды талқылауға қатысты куәлік беру жиналысы оның үкіметіндегі екі қызметкердің қатысуымен өтеді",-деді.
АҚШ ақпарат құралдарының хабарлауынша, АҚШ-тың Украинадағы елшісі қызметін атқарушы Уильям Тейлор мен АҚШ Мемлекеттік хатшысының Еуропа және Еуразия істері жөніндегі көмекші-орынбасары Джордж П. Кент – Трамп үкіметінің осы жиналыста куәлік беретін екі қызметкері.
Трамп бұл күндері "Ukraine-Gate" деп аталатын жанжалға кіріптар болып отыр.