Ауғанстан – әлемдегі ең қауіпті ел
Қар 07, 2019 15:36 Asia/Almaty
АҚШ-тағы бір зерттеу институты Ауғанстанды әлемдегі ең қауіпті ел деп атады.
AVA ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Gallup зерттеу институты бейсенбі күнгі бір есебінде әлемнің 142 елінде 152 мың адамға жүргізген сауалнама нәтижесі бойынша, Ауғанстанды 2018 жылғы әлемдегі ең қауіпті ел деп атады.
Gallup зерттеу институтының нәтижесі Ауғанстан саяси сарапшыларының талай рет АҚШ 2001 жылы Ауғанстанға басып кіруі салдарынан бұл елде тынышсыздық артып, ондаған мың адам өлтіріліп, босқынға айналғанын, ел инфрақұрылымдарының басым бөлігінің жойылғанын мәлімдеген жағдайда жарияланып отыр.