Жағалау футболы-2019 құрлықаралық кубогында Иран командасы жеңімпаз атанды
https://parstoday.ir/kz/news/world-i44223-Жағалау_футболы_2019_құрлықаралық_кубогында_Иран_командасы_жеңімпаз_атанды
Жағалау футболы бойынша Иранның ұлттық командасы сенбі күні БАӘ-де өткен Жағалау футболы-2019 құрлықаралық кубогының финалында Испания командасымен ойнап, 6:3 есебімен жеңді.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Қар 10, 2019 15:52 Asia/Almaty
  • Жағалау футболы-2019 құрлықаралық кубогында Иран командасы жеңімпаз атанды

Жағалау футболы бойынша Иранның ұлттық командасы сенбі күні БАӘ-де өткен Жағалау футболы-2019 құрлықаралық кубогының финалында Испания командасымен ойнап, 6:3 есебімен жеңді.

IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауынша, жағалау футболы бойынша Иранның ұлттық командасы Испания командасын жеңіп, үшінші рет құрлықаралық кубоктың жеңімпазы атанды. Иран Бразилия және Ресеймен қатар осы кубок тарихында ең беделді командалардың біріне айналды.

Соңғы ойында БАӘ командасы 2:1 есебімен Ресей комадасынан басым түсіп, турнирде үшінші орынға ие болды.

Иран Ислам Кеңесі Мәжілісінің төрағасы Әли Лариджани, Вице-Президенті Исхақ Джаһангири, Спорт және жастар министрі Масуд Солтанифар, СІМ ақпарат хатшысы Сейіт Аббас Мусави жеке-жеке хат жолдап, Иранның ұлттық командасын Жағалау футболы-2019 құрлықаралық кубогының 9-шы кезеңінің жеңімпазы атануымен құттықтады.