Боливия Сенаты вице-спикері өзін уақытша Президент деп жариялады
https://parstoday.ir/kz/news/world-i44264-Боливия_Сенаты_вице_спикері_өзін_уақытша_Президент_деп_жариялады
Боливияның отставкаға кеткен Президенті Эво Моралеске қарсылардың жетекшілерінің бірі әрі осы ел Сенаты вице-спикері Жанин Аньес өзін уақытша Президент деп жариялады.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Қар 13, 2019 14:15 Asia/Almaty
  • Боливия Сенаты вице-спикері өзін уақытша Президент деп жариялады

Боливияның отставкаға кеткен Президенті Эво Моралеске қарсылардың жетекшілерінің бірі әрі осы ел Сенаты вице-спикері Жанин Аньес өзін уақытша Президент деп жариялады.

IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Жанин Аньес Боливия Социалистік қозғалысы партиясы өкілдерінің қатысуынсыз өткен Сенат палатасының сейсенбі күнгі отырысында төрағаның орнына отырып, уақытша Президент лауазымын өз мойнына алатынын мәлімдеді.

Қазір Мексикада жүрген Боливияның отставкаға кеткен Президенті Эво Моралес Жанин Аньестің өзін уақытша Президент деп жариялауын бейбастақ әрекет деп атап, оны айыптады.