Путин мен Украина президенттері Қазақстанда кездесуі мүмкін
Украина күштерінің Донбастағы тұрғын аймақтан кейін шегінуімен «Норманд тобы» басшыларының отырысын өткізу үшін соңғы кедергі жойылды. Күтпеген жағдайда Владимир Путин мен Владимир Зеленскийдің Қазақстанда кездесуі туралы ұсыныс жасалды.
Мәскеуде шығатын Коммерсантъ газеті былай деп жазды: «Сейсенбі күні «Норманд тобы» аясында басшылардың отырысын өткізу үшін соңғы кедергі жойылып, енді бірінші рет Ресей президенті Путин мен Украина президенті Зеленский кездесуі мүмкін», - деп жазды.
Бұл хабар Киевте қуанышпен таралды. Алайда Мәскеу жақтан бұған қатысты көп пікір естілген жоқ.
Қалай болғанда да Ресей де, Украина да жағдайды шешу үшін «Норманд тобы» аясында бірлесіп жұмыс істеуге ынта танытты.
Назарбаев сейсенбі күнгі отырыста күтпеген жерден Ресей және Украина президенттерінің Қазақстанда кездесуіне ұсыныс жасап: «Зеленский Путинмен кездесуге келіскенін мәлімдеді. Мен бұл мәселені Путинге айттым», - деді.