Қырғызстан Қазақстаннан 50 бас қарақұйрық аманатқа алды
https://parstoday.ir/kz/news/world-i44314-Қырғызстан_Қазақстаннан_50_бас_қарақұйрық_аманатқа_алды
Қырғызстан осы елдің қарақұйрықтар санын арттыру үшін Қазақстаннан 50 бас аманатқа алды.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Қар 17, 2019 16:34 Asia/Almaty
  • Қырғызстан Қазақстаннан 50 бас қарақұйрық аманатқа алды

Қырғызстан осы елдің қарақұйрықтар санын арттыру үшін Қазақстаннан 50 бас аманатқа алды.

IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Қырғызстан басшылары қазақстандық қарақұйрықтарды Ыстықкөлдің солтүстік жағасында Ортатоқы су қоймасының оңтүстігі мен батысында осы жануарлардың тіршілігіне қолайлы ортаға жіберді.

Қырғызстанның Қоршаған ортаны қорғау ұйымының басшысы Мираслы Аманқұлов: "20 ғасырдың 30-70 жылдар аралығында бұл жерлерде қарақұйрық өте көп болған. 80-90 жылдары олардың саны күрт азайып кетті. Тіпті қазіргі таңда Қырғызстанның Ыстықкөлінде қарақұйрық жоқ. Сол себепті Қырғызстан мен Қазақстан арасында қарақұйрықтың басын көбейту үшін 50 бас алу келісіміне қол қойылды",-деді.  

Қырғызстанда ауланған әрбір қарақұйрық үшін 1 млн сом (шамамен 61 млн тұман) айыппұл қарастырылған.