"Мұнафықтар" лаңкестік тобының террор жасау жоспарлары
https://parstoday.ir/kz/news/world-i44315-Мұнафықтар_лаңкестік_тобының_террор_жасау_жоспарлары
АҚШ-тың қолдауындағы "Мұджаһедин-е халқ" лаңкестік тобы 12 мың ирандықты өлтіруге талпынып, бомба жарылысын жасап, өлтірді.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Қар 17, 2019 16:36 Asia/Almaty

АҚШ-тың қолдауындағы "Мұджаһедин-е халқ" лаңкестік тобы 12 мың ирандықты өлтіруге талпынып, бомба жарылысын жасап, өлтірді.

"Мұджаһедин-е халқ" лаңкестік тобы 1980 жылдарда Иранға таңылған соғыста Ирактың бұрынғы диктаторы Саддаммен әріптестік жасады.

АҚШ 2012 жылы бұл топтың атын лаңкестік топтар тізімінен шығарды.

Бұл топ Иранға қарсы миссиясын ілгерілету үшін әлеуметтік желілерде қолдан жасалған профайлдарға (аккаунтарға) сүйенуімен танымал.

Дональд Трамптың АҚШ-тағы президенттік кезеңінде бұл топ Вашингтоннан көбірек қолдау алды.

Маусым айында бұл топтан бір дыбыстық таспа жарияланды. Онда бұл топтың маусым айында Парсы шығанағында екі мұнай танкерін жаруда шетелдік алпауыттармен әріптестік жасағаны айтылған.

Бұл лаңкестік топ, сондай-ақ, Ислам революциясының Сақшылар корпусына қарасты Құдс күштерінің қолбасшысы Ғасем Сүлеймани мен Иранның Сот органының басшысы Ибраһим Раисиге қарсы террор жоспарлады.

Саудиялықтар тарапынан қаржымен қамтамасыз етіліп, израильдіктер тарапынан жарнамалық қолдау алып отырған бұл лаңкестік топ америкалықтардың мақсаттарын орындайды.