БҰҰ Боливиядағы дағдарыстың жалғасуы туралы ескерту жасады
https://parstoday.ir/kz/news/world-i44317-БҰҰ_Боливиядағы_дағдарыстың_жалғасуы_туралы_ескерту_жасады
Боливия Президенті Эво Моралестің отставкаға кетіп, елден шыққанынан бір апта өтсе де, бұл елдің жағдайы ушығып тұр. Наразылықтар жалғасуда. Осыған орай БҰҰ-ның адам құқығы жөніндегі жоғары комиссары Мишель Бачелет Боливияның уақытша үкіметінің басшыларына осы елдің жағдайының бақылаудан шығып бара жатқанын ескертті.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Қар 17, 2019 16:39 Asia/Almaty
  • БҰҰ Боливиядағы дағдарыстың жалғасуы туралы ескерту жасады

Боливия Президенті Эво Моралестің отставкаға кетіп, елден шыққанынан бір апта өтсе де, бұл елдің жағдайы ушығып тұр. Наразылықтар жалғасуда. Осыған орай БҰҰ-ның адам құқығы жөніндегі жоғары комиссары Мишель Бачелет Боливияның уақытша үкіметінің басшыларына осы елдің жағдайының бақылаудан шығып бара жатқанын ескертті.

Боливиядағы наразылықтар осы елде қараша айында президенттік сайлауда Моралес жеңісін жариялағаннан кейін басталды. Моралестің оппозиционерлері сайлаудың нәтижесін қабылдамай, үкіметті заң бұзушылық жасап, дауыс санағын өзгертті деп айыптады. Олар наразылық акцияларын өткізіп, қоғамдық мүліктерді бұзу арқылы қоғамдық тәртіпті бұзып, Моралестің отставкаға кетуін талап етті. Ақырында оппозиционерлер мен Вашингтонның қолдауындағы оңшылдардың сайлау нәтижесіне   наразылықтары басталғанынан 20 күн өткен соң Боливия Президенті Моралес бір тыныш төңкерісте армия тарапынан жасалған қысымның салдарынан отставкаға кетіп, бірнеше күннен кейін Мексикаға жол тартты.  

Моралес Боливиядан кетіп, оңшыл сенатор Жанин Аньестің басшылығымен уақытша үкімет құрылғаннан кейін де бұл елде тынышсыздықтар жалғасты. Бұл ел бұрынғы басшы Эво Моралестің қолдаушылары мен полиция күштері арасында қақтығыстар сахнасына айналды.

Вашингтонның қолдауына ие Аньес бұл елде мезгілінен бұрын сайлау өткізуге уәде берді. Ол өзінің екі негізгі мақсатын сайлау үміткерлерінің шектеусіз қатысуы туралы заңды жою және тез арада ашық әрі еркін сайлау өткізу деп мәлімдеді. Ол, сондай-ақ, Моралесті осы сайлауға қатыстырмайтынын айтты.

Аньес, сондай-ақ, өткен бірнеше күнде бұл елдің сыртқы саясатын 180 градусқа өзгертіп, Венесуэла оппозиционерлердің жетекшісі әрі өз-өзін президент деп жариялаған Гуайдоны ресми түрде таныды. Ол, сондай-ақ, Кубаның саясаттарын сынап, Боливияда тұратын  200-ден аса кубалық дәрігерді елден шығарып тастады.

Аньестің билікке жетуі Ақ үй басшыларының қолдауымен орын алды. Шын мәнінде АҚШ оңшыл ағымдарды қолдап, Латын Америка елдерінің саяси-экономикалық  кеңесіне қайта енуге талпынып жатқанына біраз болды. Осы орайда әрдайым АҚШ-тың саясаттарына қарсы тұрған Венесуэла, Боливия мен Куба үштігі нысанаға алынып отыр. АҚШ-тың Венесуэла Президенті  Николас Мадуроны құлатуға бағытталған саясаттарына осы күнге дейін еш нәтиже бермесе де, Моралестің жақтаушыларының көзқарасынша, Боливиядағы оқиғалар – Вашингтонның Латын Америкасы елдерінде, әсіресе осы аймақтың отаршылдыққа қарсы әділет талап етуші ағымдарымен жауластық саясатының жалғасы.