Иран Помпеоның ішкі іске араласушы сөздеріне жауап берді
https://parstoday.ir/kz/news/world-i44320-Иран_Помпеоның_ішкі_іске_араласушы_сөздеріне_жауап_берді
ИИР СІМ ақпарат хатшысы жексенбі күні кешке АҚШ Мемлекеттік хатшысы Майк Помпеоның Иранның кейбір қалаларындағы бірқатар бүлікшілерге жақтасып, қолдау білдіргеніне реакциясында: "Помпео сияқты адамдардың қолдауына ие бүлікші адамдардың әрекеттері Иранның барлық қырағы халқының пікірі мен қатынасына мүлде сәйкес келмейді",-деді.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Қар 18, 2019 10:28 Asia/Almaty
  • Иран Помпеоның ішкі іске араласушы сөздеріне жауап берді

ИИР СІМ ақпарат хатшысы жексенбі күні кешке АҚШ Мемлекеттік хатшысы Майк Помпеоның Иранның кейбір қалаларындағы бірқатар бүлікшілерге жақтасып, қолдау білдіргеніне реакциясында: "Помпео сияқты адамдардың қолдауына ие бүлікші адамдардың әрекеттері Иранның барлық қырағы халқының пікірі мен қатынасына мүлде сәйкес келмейді",-деді.

IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Сейіт Аббас Мусави осындай ішкі іске араласушы сөздер мен қолдауларды айыптап: "Иранның ұлы халқы мұндай екіжүзді сөздерде ешқандай тілеулестік, жанашырлық пен шынайылықтың жоқтығын жақсы біледі",-деді.

Мусави АҚШ үкіметінің, әсіресе Мемлекеттік хатшысының Иран халқына теріс ниетіне тоқталып: "Ең қызығы, ол АҚШ-тың экономикалық терроризмінің қысымындағы халыққа жанашырлық танытуда. Бұдан бұрын да тура осы адам Иран біздің алдымызда тізе бүгуі үшін бұл елді аштыққа ұшыратуымыз керек деп ашық айтқан болатын",-деді.