Нэнси Пелоси Трамптың шараларын сынауды жалғастыруда
АҚШ Өкілдер палатасының төрайымы Трамптың шараларын Ричард Никсонның істерінен де нашар деп сипаттады.
АҚШ-тың CBS арнасының хабарлауынша, Нэнси Пелоси жексенбі күні Ukraine-Gate ісі туралы: "Трамптың шаралары тіпті АҚШ-тың бұрынғы басшысы Ричард Никсонның істерінен де нашар",-деді.
Пелоси өз сөзінің жалғасында: "Никсон кей жағдайларда елге маңыздылық беретін. Сондықтан АҚШ Өкілдер палатасы оған импичмент жариялағанға дейін биліктен кетті",-деді.
АҚШ Өкілдер палатасының төрайымы республикашылдардың Дональд Трампта импичмент туралы тексерістердің қазіргі үдерісін бақылауға мұрсат болмағаны жөніндегі уәждерін теріске шығарып: "АҚШ Президенті тура тексеру комитетіне келіп, болған оқиға мен қалаған нәрсесін айта алады",-деді.