Ирандағы бүліктерде Орталық барлау басқармасының ізі байқалды
АҚШ-тың "Ron Paul" ғылыми-зерттеу институтының директоры Орталық барлау басқармасының (ОББ) Ирандағы бүліктерге қатысы болғанын әшкереледі.
"Fars News" ақпарат агенттігінің мәліметінше, АҚШ-тың "Ron Paul" ғылыми-зерттеу институтының директоры Дэниэл Макадамс сейсенбі күні RT арнасына берген сұхбатында Ирандағы соңғы наразылықтар мен бүліктер жөнінде: "Ирандағы соңғы өзгерістер, нақтырақ айтқанда бензиннің қымбаттауына байланысты наразылықтар Ирандағы АҚШ одақтастарымен ОББ-ның үлгісі бойынша ұйымдастырылды",- деді. Дэниел Макадамс "Мұнафеқин" лаңкестік тобын АҚШ-тың одақтасы ретінде атап: "Тынышсыздықтардың бұл түрі Трамп үкіметі кезіндегі ОББ-ның әрекеттерінің нәтижесі. Өткен жылдан бері бұл әрекеттерге "аятолла Майк" деген лақаб атымен танымал ОББ-ның офицерлерінің бірі Майкл д'Андреа жауапты",- деп қосты.
Бұдан бұрын "The New York Times" газеті көптеген реакцияға тап болған мәлімдемесінде Майкл д'Андреанің басшылығымен ОББ-да Иранда тынышсыздықтар ұйымдастыру жобаның басталуы мен Сауд Арабиясы мен Біріккен Араб Әмірлігінің оны қолдаулары туралы жазған болатын.