АҚШ Сирияның мұнай құбырларын басып алды
БҰҰ-дағы Сирияның тұрақты өкілі Башар әл-Джафари: "АҚШ Сирияның мұнай құбырларын басып алып, Қауіпсіздік Кеңесінің үнсіздігін пайдаланып, ел халқының кірісін талан-таражға салып жатыр",- деді.
"Al-Alam" ақпарат агенттігінің мәліметінше, Башар әл-Джафари БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің Сирия жөніндегі отырысында АҚШ-тың Сирияның мұнайын басып алып, оны талан-таражға салуын айыптап: "Сирияға қарсы соғыс лаңкестіктерге сырттан қолдау көрсету аяқталған кезде ғана бітеді",- деп қуаттады.
Ресей Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Мария Захарова да "АҚШ заңсыз түрде Сирияның солтүстік-шығысындағы мұнай құбырларынан ай сайын 30 млн долларға мұнай өндіріп жатыр",- деп мәлімдеді.
Бұдан бұрын америкалық әскерилердің Сирия мұнайын контрабандалау үшін ДАИШ лаңкестік тобымен ынтымақтастық жасайтыны туралы мәліметтер жарияланған болатын. АҚШ лаңкестік топтармен күресті сылтауратып, заңсыз түрде Дамасктің рұқсатынсыз Сирияда орналасқан.