АҚШ Сирияның мұнай құбырларын басып алды
https://parstoday.ir/kz/news/world-i44387-АҚШ_Сирияның_мұнай_құбырларын_басып_алды
БҰҰ-дағы Сирияның тұрақты өкілі Башар әл-Джафари: "АҚШ Сирияның мұнай құбырларын басып алып, Қауіпсіздік Кеңесінің үнсіздігін пайдаланып, ел халқының кірісін талан-таражға салып жатыр",- деді.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Қар 23, 2019 15:30 Asia/Almaty
  •  АҚШ Сирияның мұнай құбырларын басып алды

БҰҰ-дағы Сирияның тұрақты өкілі Башар әл-Джафари: "АҚШ Сирияның мұнай құбырларын басып алып, Қауіпсіздік Кеңесінің үнсіздігін пайдаланып, ел халқының кірісін талан-таражға салып жатыр",- деді.

 

"Al-Alam" ақпарат агенттігінің мәліметінше, Башар әл-Джафари БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің Сирия жөніндегі отырысында АҚШ-тың Сирияның мұнайын басып алып, оны талан-таражға салуын айыптап: "Сирияға қарсы соғыс лаңкестіктерге сырттан қолдау көрсету аяқталған кезде ғана бітеді",- деп қуаттады.   

Ресей Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Мария Захарова да "АҚШ заңсыз түрде Сирияның солтүстік-шығысындағы мұнай құбырларынан ай сайын 30 млн долларға мұнай өндіріп жатыр",- деп мәлімдеді.  

Бұдан бұрын америкалық әскерилердің Сирия мұнайын контрабандалау үшін ДАИШ лаңкестік тобымен ынтымақтастық жасайтыны туралы мәліметтер жарияланған  болатын.  АҚШ лаңкестік топтармен күресті сылтауратып, заңсыз түрде Дамасктің рұқсатынсыз Сирияда орналасқан.