Ирандық 12 ұстаз әлемнің ең үздік зерттеушілерінің қатарында
Ислам әлемі ғылымдарының құжаттар базасының жетекшісі ирандық 12 ұстаздың 2019 жылы әлемнің ең үздік зерттеушілерінің қатарына қосылғанын хабарлады.
IRNA ақпарат агенттігінің сенбі күнгі хабарлауынша, Ислам әлемі ғылымдарының құжаттар базасының жетекшісі Мұхаммад Джавад Деһқани: "Clarivate Analytics құжаттар базасының мәліметінше ирандық 12 ұстаз 2019 жылы әлемнің ең үздік 6200 зерттеушінің тізіміне енді.
Иранның бұл үздік зерттеушілері салааралық тақырыптарда, ауыл шаруашылығы, математика мен инженерия салаларында зерттеу жүргізеді",-деді.
Clarivate Analytics құжаттар базасы жыл сайын әлемнің ең беделді зерттеушілерін таныстырумен айналысады.
Бұл тізім өткен онжылдықта жарияланған мақалаларына ең көп сілтеме жасалған зерттеушілерден тұрады.