Моралес АҚШ үкіметінің Боливия төңкерісіндегі рөлін әшкереледі
Қар 24, 2019 16:51 Asia/Almaty
Боливияның оставкаға кеткен Президенті АҚШ үкіметінің Боливия төңкерісіндегі рөлін әшкереледі.
Эво Моралес сенбі күні "Спутник" ақпарат агенттігіне берген сұхбатында: "Боливияда төңкеріс болғанымен билік ауысқан жоқ. Бұл төңкеріс АҚШ бақылауында орын алды",-Қазан айындағы сайлаудан кейін бұл үдерісте жеңіліс тапқан экстремистер өздерінің қолдаушыларын көшеге шығып, наразылық білдіруге шақырды.
Қолымда бар сенімді мағлұматтарға сәйкес, сайлау кезінде Бразилия, Чили мен АҚШ-та оперативті топтар құрылды. Олар маған қарсы жарнама жасап, халыққа Моралеске дауыс бермеу үшін ақша ұсынды",-деді.
Тегтер