Иран мен АҚХА арасында техникалық әріптестік саласында жаңа жобалар бекітілді
Иранның Венадағы халықаралық ұйымдарының елшісі әрі тұрақты өкілі жексенбі күні кешке АҚХА-ның Басқарма кеңесінің өткен аптадағы жиналысында ИИР мен АҚХА арасында техникалық әріптестік саласында жаңа жобалар бекітілгенін хабарлады.
IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Казем Ғарибабади осы туралы: "ИИР мен АҚХА арасындағы техникалық келіссөздердің нәтижесінде 2020-2021 жылдарs обырды емдеу және электр стансаларын салу саласында техникалық 2 әріптестік жобасын орындауды жалғастырумен қоса, тағы жаңа 4 жоба бекітілді.
Құны 1 млн еуродан асатын бұл жобалар әртүрлі салаларды, соның ішінде қауіпсіздікті арттыру, ядролық зерттеу реакторларын қолдану, ядролық отын саласында гуманитарлық әлеуетті арттыру, негізгі дәнді дақылдар саласында өндірушілердің әлеуетін арттыру және қалдықтарды басқаруды қамтиды",-деді. Жобаларды АҚХА қаржыландырады.