Иран бүкіл ядролық қаруды жоюды қуаттады
https://parstoday.ir/kz/news/world-i44424-Иран_бүкіл_ядролық_қаруды_жоюды_қуаттады
Иран Ислам Республикасының басты ұстанымы – ядролық қарудың барлық түрін жою және Ядролық сынақтарға жаппай тыйым салу туралы шарттының мақсаттарын қолдау.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Қар 26, 2019 16:55 Asia/Almaty
  • Иран бүкіл ядролық қаруды жоюды қуаттады

Иран Ислам Республикасының басты ұстанымы – ядролық қарудың барлық түрін жою және Ядролық сынақтарға жаппай тыйым салу туралы шарттының мақсаттарын қолдау.

Венадағы халықаралық ұйымдардың жанындағы Иранның тұрақты өкілі Казем Ғарибабади дүйсенбі күні Ядролық сынақтарға жаппай тыйым салу туралы келісім комиссиясының 35-ші отырысында ИИР-ның ұстанымын қуаттап: "Ядролық сынақтарға жаппай тыйым салу туралы шартының мақсаттарын толық орындау ядролық қару-жараққа ие мемлекеттердің бұл келісімдегі міндеттемелеріне табандылығына байланысты",- деді.

Ядролық сынақтарға жаппай тыйым салу туралы шарт 1996 жылдың 10 қыркүйегінде БҰҰ Бас ассамблеясының қарарымен бекітілді.

Хадсон институтының (Hudson Institute) Халықаралық қауіпсіздік және таратпау бөлімінің жетекшісі Кристофер Эшли Фордтың пікірінше, қазіргі ядролық әлемдегі көптеген дағдарыстар ядролық қаруды жаңарту және ірі державалар арасындағы ядролық мәселелер бойынша бәсекелестіктен туындайды. Сондықтан осы және ядролық қаруды таратпау туралы келісімнің мақсаттарына жету үшін  оларға қол қойған мемлекеттер өз міндеттемелеріне табанды болуы керек. NPT келісімінің 6-шы бабында үкіметтердің ядролық қарусыздану саласындағы міндеттемелеріне байланысты заңдар мен іс-қимылдар баяндалды. Сондай-ақ 8-ші бабында: "Келісімнің мақсаттары мен ережелерінің орындалуына сенімді болу үшін бес жыл сайын оның іске асырылуы талқыланады",- деп айтылды.  Сол себепті 2000 жылы NPT келісімін қарастыру конференциясында  оның 6-шы бабын іске асыру шаралары көрсетілген құжат бекітілді. Бірақ бұл шешімдерге қарамастан келісміді қайта қарастыру конференциялары 2015 жылға дейін ешбір жетістікке жетпеді. NPT келісімі оған мүше елдердің ядролық энергияны зерттеу, өндіру және бейбіт мақсатта пайдалану саласындағы бүкіл құқықтарын еш кемсітушіліксіз қамтамасыз етуге кепілдік берді. Бірақ іс жүзінде келісімнің орындалуы көптеген кемсітушілік және кедергілермен бетпе-бет келуде. АҚШ  – әлемнің ең ірі ядролық арсеналына ие елдердің бірі әрі халықаралық ұйымдар бақыламайтын ондаған атом бомбасына ие сионистік режимнің негізгі қолдаушысы. Бұл мемлекет 1945 жылы тарих бойында атом бомбасын қолданған жалғыз мемлекет болды. АҚШ жаппай-қырып-жоятын қаруды Жапонияның Хиросима мен Нагасаки қалаларының жазықсыз халқының үстіне жаудырып, жүздеген мың адамның өлімі мен қоршаған ортаның көптеген зардап шегуіне себеп болды. АҚШ шамамен 3800 ядролық оқтұмсыққа ие. Олардың 1750 баллистикалық зымырандар мен стратегиялық бомба атушы құралдарға орнатылған. Қалған 2050 оқтұмсығы қорында сақталуда. Осындай өткенімен америкалықтар әлемдік қауымдастықты "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасынан шығарып, оларды Иранның бейбіт мақсатты ядролық бағдарламасына қарсы  өздерімен пікірлес еткісі келді. Бірақ нәтижеге жетпеді. Өйткені Атом Қуаты Халықаралық Агенттігінің мәлімдемелері Иранның бейбіт мақсатты ядролық бағдарламасында еш бұрмаланудың болмағанын қуаттады.