Пәкістанда Норвегияның туы өртелді
Қар 27, 2019 12:55 Asia/Almaty
Пәкістан халқы Норвегия экстремистерінің Құран Кәрімге құрметсіздік білдіруіне наразылық ретінде Карачиде шеруге шығып, Норвегияның туын өртеді.
«Нур әл-Құран» жамағатының басшысы Сейед Мұхаммадәли Шаһ: «БҰҰ қайда? Адам құқығын қорғайтын ұйымдар қайда? Біз әлемнің бізге соққы жасалғанын білгенін қалаймыз. Қасиетті кітапты өртеу біздің қатты ренішімізге себеп болды. Мұндай әрекеттер адамдарды зорлық-зомбылыққа итермелейді. Біз қолымызға Құранның өртелуін тоқтатқан мұсылман Ілиястың суретін қолымызға алып, оны құрметіміз бен жеңісіміздің себебі атауымыз керек»,- деді.