Сот шешімді Трамптың импичменті үдерісінің мүддесіне қабылдады
https://parstoday.ir/kz/news/world-i44440-Сот_шешімді_Трамптың_импичменті_үдерісінің_мүддесіне_қабылдады
АҚШ Соты Дональд Трамп пен жақындарын Украина ісіне байланысты отырыстарға қатысуға міндеттейтін шешім қабылдады.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Қар 27, 2019 17:38 Asia/Almaty
  • Сот шешімді Трамптың импичменті үдерісінің мүддесіне қабылдады

АҚШ Соты Дональд Трамп пен жақындарын Украина ісіне байланысты отырыстарға қатысуға міндеттейтін шешім қабылдады.

 

 

АҚШ Федерал соты Кетанджи Браун Джексон: «Президент патша емес. Оның Конгрестің үдерісіне қатыспау үшін абсолютті иммунитеті жоқ»,- деп жазды. Бұл шешім бойынша Дональд Трамптың бұрынғы аға кеңесшісі Дональд Мэкган Өкілдер палатасының президенттің импичментін қарастыратын отырыстарға  қатысуға міндеттеледі. Бұдан бұрын Ақ үй Трамп үкіметінің қазіргі және бұрынғы басшыларын бұл отырыстарға қатыстырмады. Сондықтан Украина ісінің негізгі адамдары Конгрестің отырыстарына қатыса алмаған. Алайда осы кезде Мэкган ғана емес, қажет болса Дональд Трамптың өзі де бұл отырыстарға міндетті түрде қатысатын болды. Алдағы бірнеше күнде Украина ісін бастайтын Өкілдер палатасының сот комитетінің басшысы Джерри Надлер Трампты қатысқысы келсе 1 желтоқсанға дейін 6 күн бойы аталмыш комитеттің отырыстарына қатысуға шақырды. Трамптың импичменті жөніндегі ресми отырыс Өкілдер палатасының сот комитетінде 4 желтоқсанда басталады. Егер бұл комитет АҚШ Президентінің импичментін қабылдаса, бұл тақырып Конгреске тапсырылады. Сондықтан Сот комитетінің алдағы күндердегі шешімі АҚШ-тың 45-ші Президентінің саяси тағдырына әсерін тигізеді. Трамп демократтарға қарсы бірнеше апта қарсыласуы мен импичменті қолдаушыларды кемсіткеннен кейін жұмсақ жолға түсті. Ол Twitter-де Рейк Перри, Майк Помпео және Мик Малванидің Конгрестің тергеу отырыстарына қатысуына келіскенін жазды. Демократтар бұл басшыларды тергеу арқылы республикашылардың Трампты отставкаға жіберуге келісетініне үміттенеді. Өкілдер палатасы демократтарының басшысы Ненси Пелоси осыдан бірнеш күн бұрын: «Дональд Трамптың әрекеттері тіпті Ричард Никсонның істерінен де жаман. Никсон кейбір жайттарда елдің қамын ойлайтын. Өкілдер палатасы оған импичмент жариялаудан бұрын отставкаға кетті»,- деді.

Осыған орай Трамп 45 жыл бұрын Никсон жасаған істі жасайды деп күтілуде. Республикашыл Никсон егер демократтар бақылауындағы Конгресс оның импичментін ресми жарияласа, ол АҚШ тарихындағы биліктен уақыты аяқталмай кететін алғашқы  президент болатынына  сенімді болған. Сондықтан Никсон АҚШ тарихында өз еркімен отставкаға кеткен алғашқы президент болуды жөн көрді. АҚШ Конгресінің қазіргі партиялық құрамына назар аударып, Трамп республикашылдардың бақылауындағы Сенаттың қолдауына ие болып, президенттік өмірін жалғастыратынына сенімді. Ричард Никсон мен Билл Клинтонның импичментіне керісінше Трамптың импичменті президенттік сайлауға 10 ай қалғанда бірінші кезеңде өтпек.