Нұр-Сұлтан мен Бішкек он екі ынтымақтастық құжатына қол қойды
https://parstoday.ir/kz/news/world-i44453-Нұр_Сұлтан_мен_Бішкек_он_екі_ынтымақтастық_құжатына_қол_қойды
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қырғызстанға ресми сапарында он екі ынтымақтастық құжатына қол қойылды.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Қар 28, 2019 14:11 Asia/Almaty
  • Нұр-Сұлтан мен Бішкек он екі ынтымақтастық құжатына қол қойды

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қырғызстанға ресми сапарында он екі ынтымақтастық құжатына қол қойылды.

 

Fars News агенттігінің хабарлауы бойынша Қазақстан мен Қырғызстан республикалары басшыларының ортақ мәімдемесіне сәйкес қол қойылған құжаттардың арасында екі елдің 2020-2022 жылдарға арналған жан-жақты бағдарламасы, ортақ шекара бекетінде көпір салу келісімі, көші-қон саласындағы серіктестік, әскери әуежайлар мен ұшақтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы, қазақ-қырғыз қарулы күштерінің бас штабтары арасындағы әріптестік, экономикалық қылмыстармен күрес органдарының серіктестігі, екі елдің Денсаулық сақтау министрліктері арасындағы келісім, екіжақты байланыстарды дамытуды жалғастыру, логистикалық секторда серіктестік, мәдениет саласында ынтымақтастық жасау келісімдері бар.