Еуропалық үш мемлекет Иранды «іске қосу механизмін» қолданумен қорқытты
Франция, Германия және Британия сенбі күнгі арсыз мәлімдемесінде Иранды «іске қосу механизмін» қолданумен қорқытты.
IRNA ақпарат агенттігінің мәліметінше, еуропалық үш мемлекет мәлімдемеде Бельгия, Швеция, Финляндия, Норвегия мен Нидерландының Еуропа мен Иран арасындағы INSTEX деп аталған іске аспаған сауда желісіне қосылғандарын қолдап, қайшылықтарды шешу үшін «іске қосу механизмін» қолдануға дайын екендерін жариялады. Еуропалық үш мемлекет осы уақытқа дейін «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасындағы ешбір міндеттемесін орындамаған жағдайда «іске қосу механизмін» қолданып, атом мәселесіне байланысты санкцияларды қайтарумен қорқытып отыр.
«Іске қосу механизмі» – «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасындағы БҰҰ Иранға қарсы санкцияларын қайтаруды қарастырған баптың бірі.
Германия, Франция мен Британия 2018 жылдың 8 мамырында АҚШ заңсыз түрде «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасынан шыққан соң Иранның экономикалық мүдделерін қамтамасыз етіп, аталмыш келісімді сақтап қалуға уәде берген болатын. Бірақ АҚШ-қа қарсы сөз жүзінде және саяси тұрғыда табандылық білдіргенімен іс жүзінде келісімді сақтап қалатын шара қолданған жоқ.