Горбачев АҚШ-тың Ауғанстандағы әскери құзырын жалғастыруына қатысты ескерту жасады
Кеңес Одағының соңғы басшысы америкалық күштердің Ауғанстанда қалуын әлем елдерінің барлығы үшін қатер деп атады.
Михаил Горбачев CNN телеарнасына берген сұхбатында Кеңес одағы Ауғанстаннан әскерилерін шығарғаннан Америка қандай сабақ алуы керек деген сұраққа: "Олар кері шегінуі керек. Бұл басты сабақ",-деді.
Өз елі Ауғанстанда әскери жеңіліс тапқан Горбачев: "Ірі елдер бір қайшылыққа көбірек кірген кезде бұл қайшылық барлық елдер үшін қатерге айналады.
Спикерлер, саясаткерлер мен халық келесі "қырғи қабақ" соғыстың басталмауы керектігін түсінеді. Өйткені өрт тұтануы мүмкін. Бұл бүкіл адамзат өркениетінің жойылуы деген мағынаны білдіреді",-деді.
АҚШ 2001 жылы Ауғанстанға басып кірген кезден бері 2400-ден аса америкалық әскери қаза тауып, 20200-ден аса сарбаз жараланды.