Жел 07, 2019 14:06 Asia/Almaty

Американың мұсылман азаматы Twitter желісіндегі жеке парақшасында оқушылардың мектепке қарай қашып, сол жерді паналағаны туралы видео жариялап: «Америка президенті Дональд Трамп осы видеоны қайта жариялап, мұсылман оқушының сыныптастары мектепте ыстық және суық қарулармен жасалған шабуылмен бетпе-бет келген кезде мешіттің есігін ашып, оқушылардың жанын сақтап қалуға талпыныс жасағанын мойындайтынына үміттенемін», - деп жазды.

CNN телеарнасының мәліметі бойынша желтоқсанның үші күні Висконсин штатындағы мектепте болған атыс пен пышақтау оқиғасында мұсылман оқушы Доа Ахмад жандарындағы мешіттің есігін ашып, шамамен жүз оқушыға мешітті паналауға жол нұсқады. Доа мен әкесі мешітті паналаған оқушыларға ас-су беріп, ата-аналары келгенше қауіпсіз жерде отыруға көмектесті.
 

 

Тегтер