Ресей: Иранның зымырандық және ғарыш бағдарламасын дамытуға тыйым салынған жоқ
https://parstoday.ir/kz/news/world-i44568-Ресей_Иранның_зымырандық_және_ғарыш_бағдарламасын_дамытуға_тыйым_салынған_жоқ
БҰҰ Ресей өкілдігі ИИР-на ешбір халықаралық үдеріс арқылы зымырандық және ғарыштық бағдарламаларын дамыту үшін тыйым салынбағанын мәлімдеді.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Жел 07, 2019 12:28 Asia/Almaty
  • Ресей: Иранның зымырандық және ғарыш бағдарламасын дамытуға тыйым салынған жоқ

БҰҰ Ресей өкілдігі ИИР-на ешбір халықаралық үдеріс арқылы зымырандық және ғарыштық бағдарламаларын дамыту үшін тыйым салынбағанын мәлімдеді.

IRNA News агенттігінің хабарлауы бойынша БҰҰ-дағы Ресей өкілдігі жұма күні жариялаған хатта БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутеррешке: "Иран БҰҰ-ның тұрақты мүшесі және NPT сияқты жаппай қырып-жоятын қаруларға тыйым салатын көптеген хаттамаға мүше", - деп мәлімдеді. 

Осы хатта аталған келісімдер мен үдерістердің ешбіреуінде, сонымен қатар БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің №2231 жарғысында да Иранға зымырандық, ғарыштық бағдарламаларын дамытуға тыйым салынбағаны баса айтылды. 

11 желтоқсанда өтетін Қауіпсіздік кеңесінің отырысында БҰҰ Бас хатшысының №2231 жарғыны орындаудың жағдайы туралы есебі талқыланады.