"Персеполис" командасының ойыншысы Азия чемпиондар лигасының ең мерген футболисі атанды
Иранның "Персеполис" футбол командасының қорғаушысы Шоджа Халилзаде Азия чемпиондар лигасының ең мерген футболисі атанды.
IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Азия футбол конфедерациясы (AFC) Азия чемпиондар лигасының ең үздік 10 голын жариялау үшін өз қолданушыларынан сауалнама алып, 2019 жылғы ойындардың ең үздік голын таңдауды сұрады. Азия чемпиондар лигасы биылғы маусымы Сауд Арабиясының "Әл-Хелал" футбол командасының жеңісімен аяқталды.
Бүгін дүйсенбі күні жарияланған сауалнама нәтижесіне сәйкес, Иранның "Персеполис" футбол командасының қорғаушысы Шоджа Халилзаденің Азия чемпиондар лигасының топтық кезеңінің үшінші аптасында Сауд Арабиясының "Әл-Хелал" футбол командасына салған голы лиганың 2019 жылғы ойындарының ең үздік голы атанды.
Иранның "Персеполис" футбол командасының қорғаушысы Шоджа Халилзаде 2 млн 300 мыңнан артық дауыспен жалпы дауыс санағының 59 пайызына ие болып, ең үздік гол иесі атанды.