Әлемде қару-жарақ саудасы артты
https://parstoday.ir/kz/news/world-i44597-Әлемде_қару_жарақ_саудасы_артты
Стокгольм халықаралық бейбіт зерттеулер институты дүйсенбі күнгі есебінде 2018 жылы әлемде АҚШ-тың басқаруындағы қару-жарақ саудасы 6,4 пайызға артқанын мәлімдеді.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Жел 09, 2019 16:12 Asia/Almaty
  • Әлемде қару-жарақ саудасы артты

Стокгольм халықаралық бейбіт зерттеулер институты дүйсенбі күнгі есебінде 2018 жылы әлемде АҚШ-тың басқаруындағы қару-жарақ саудасы 6,4 пайызға артқанын мәлімдеді.

France Press ақпарат агенттігінің хабарлауынша, есепте әлемдегі қару өндіретін жүз елдің 420 млрд доллар қаржы айналымы бар екендігі айтылған.  

Қару-жарақ нарығының 59 пайызына ие АҚШ-тың қару-жарақ өнеркәсібі осы сауданың басында тұр. Оның қаржы айналымы 246 млрд доллардан асады. Бұл сома бір жылда 7 пайызға өсті.

Ресей де қару-жарақ өндіру жөнінен екінші орында. Бұл ел қару-жарақ нарығында 6,8 пайыз, Ұлыбритания 4,8 пайыз, Франция 5,5 пайыз үлеске ие.