Зариф Астана клубында "АҚШ-қа өлім!" ұранының мағынасын түсіндірді
Жел 09, 2019 16:41 Asia/Almaty
Зариф: "Біз АҚШ-қа не істедік? Біз Израильге не істедік?
Біз израильдіктерге аштық әкелдік пе? Кім біздің халқымызға аштық әкеліп жатыр? АҚШ пен Израильден басқа біреу ме? Маған айтыңыздаршы! Ядролық келісімді бұзған біз бе? Оны бұзып отырған кім? АҚШ пен Израильден басқа біреу бұзып отыр ма? Ядролық келісімді жоюға әрекет еткен солар емес пе? Неге? Өйткені Обаманы жақтырмай ма? Егер бір Президентті жақтырмаса, бүкіл әлемді бұзу керек пе? Естеріңізді жиыңыздар! Иранның жалғыз айыбы – өз-өзіне бастық болуға шешім қабылдауы. Біз мұндай айып жасағанымызды мақтан етеміз және оны жалғастыра береміз",-деді.