Путин мен Зеленский бірінші рет кездесті
Жел 10, 2019 12:17 Asia/Almaty
Ресей Президенті Владимир Путин мен Украина Президенті Владимир Зеленский кеше дүйсенбі күні «Норманд төрттігі» кездесуінің аясында Мәскеу мен Киев қайшылықтарын шешу үшін бірінші рет Парижде кездесті.
Франция мен Германия секілді "Норманд төрттігі» тобына мүше елдер басшылары да қатысқан отырыстың мақсаты Украинаның шығысындағы шиеленісті шешу жолдарын табу жөнінде пікір алмасу болды.