Зариф: Ауғанстан бейбітшілігі келіссөздеріне бөгделер араласпауы керек
https://parstoday.ir/kz/news/world-i44623-Зариф_Ауғанстан_бейбітшілігі_келіссөздеріне_бөгделер_араласпауы_керек
ИИР Сыртқы істер министрі кеше сейсенбі күні кешке Ауғанстанның бірінші телеарнасына берген сұхбатында Ауғанстан бейбітшілігі келіссөздеріне бөгделердің араласуын Теһранның қабылдамайтынын айтты.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Жел 11, 2019 10:59 Asia/Almaty
  • Зариф: Ауғанстан бейбітшілігі келіссөздеріне бөгделер араласпауы керек

ИИР Сыртқы істер министрі кеше сейсенбі күні кешке Ауғанстанның бірінші телеарнасына берген сұхбатында Ауғанстан бейбітшілігі келіссөздеріне бөгделердің араласуын Теһранның қабылдамайтынын айтты.

IRNA ақпарат агенттігінің мәліметі бойынша, Мохаммад Джавад Зариф бейбітшіліктің ауғандардың арасында орнатылатыны мен Ауғанстан үкіметінің бұл үдерісті басқару керектігіне тоқталып: «Талибан тобы үдерістің бір бөлігі болуы керек»,- деді.

ИИР аймақ пен әлемдегі ықпалды елдердің бірі ретінде үнемі аймақтағы дағдарыстарды, соның ішінде Ауғанстан мәселесін саяси келіссөздер арқылы шешуге талпынды.