АҚШ 175 саудиялық курсантқа ұшуға тыйым салды
https://parstoday.ir/kz/news/world-i44625-АҚШ_175_саудиялық_курсантқа_ұшуға_тыйым_салды
Флорида штатындағы Пенсаколадағы АҚШ армиясы теңіз күштері базасындағы атыстан кейін Вашингтон 175 саудиялық курсантқа ұшуға тыйым салды.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Жел 11, 2019 11:58 Asia/Almaty
  • АҚШ 175 саудиялық курсантқа ұшуға тыйым салды

Флорида штатындағы Пенсаколадағы АҚШ армиясы теңіз күштері базасындағы атыстан кейін Вашингтон 175 саудиялық курсантқа ұшуға тыйым салды.

 

Fars News ақпарат агенттігінің мәліметінше, америкалық ақпарат құралдары сейсенбі күні саудиялық студенттердің ұшуына дүйсенбіден бастап тыйым салынғанын хабарлады. АҚШ-та 175 саудиялық курсант әскери авиация саласында білім алып жатырр. АҚШ-қа ұшқыштар жаттығуы курсына барған саудиялық азамат Мұхаммад Саид әл-Шемрани жұма күні   АҚШ армиясының Пенсаколадағы әскери-теңіз базасында оқ атып, үш адамды өлтірді. Ол бұл лаңкестік әрекетінен бұрын  Twitter-дегі парақшасында АҚШ жүйесін сынап жазды.

Флорида штатының губернаторы Рон Десантис Сауд Арабиясынан штаттың әскери базасында лаңкестік шабуыл салдарынан өлген адамдардың отбсыларына шығын төлеуді талап етті. Бұл саудиялық азаматтардың АҚШ жерінде лаңкестік әрекет жасауы бірініші рет емес.