Трампқа айып тағылды
https://parstoday.ir/kz/news/world-i44636-Трампқа_айып_тағылды
Бірнеше айға созылған зерттеулерден кейін АҚШ Өкілдері палатасының Сот комитеті ел президенті Дональд Трампқа айыптарын ресми түрде жариялады.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Жел 11, 2019 18:47 Asia/Almaty
  • Трампқа айып тағылды

Бірнеше айға созылған зерттеулерден кейін АҚШ Өкілдері палатасының Сот комитеті ел президенті Дональд Трампқа айыптарын ресми түрде жариялады.

 

Өкілдер палатасы Сот комитетінің басшысы Джеральд Надлер палатаның әртүрлі комитеттері басшыларының алдында Трампқа «Украина ісі бойынша билікті өз мүддесіне пайдаланды» және «Конгрестің жұмысын бұзды» деген екі айып тағылғанын мәлімдеді. Билікті теріс пайдалану тұрғысынан Трамп өзінің саяси мақсаттарын көздеп Украинаға қысым жасау арқылы өзінің президенттік ықтиярын теріс пайдаланды. Трамп үкіметінің қазіргі және бұрынғы бірқатар шенеуніктерінің құжаттары мен айғақтар АҚШ Президентінің елдің бұрынғы Вице-президенті мен 2020 жылғы президенттік сайлауға үміткерлердің бірі Джо Байденнің ұлы Хантер Байденнің сыбайлас жемқорлыққа қатыстылығын көрсететін мәліметтерге ие болу үшін  украиндық әріптесіне қысым көрсеткенін көрсетті.  Трамп АҚШ Конгресінің Украинаға әскери көмек қаржысына тосқауыл жасап, Киевтен АҚШ Президентінің талабын орындауды сұрады деп айыпталып отыр. Демократтар бұл әрекеттерді билікті өз мүддесіне пайдалану деп сараптады.  Алайда Трампқа қарсы айыптаулар АҚШ-тың қазіргі үкіметінің Украинамен арадағы қарым-қатынасымен шектелмеді. Трамп куәларды шақыру арқылы шындықты ашуға арналған Конгрестің заңды міндеттерін орындамады деп айыпталуда. Өткен айларда Трамп пен Мемлекеттік хатшысы және Ақ үйдің аппарат басшысы Өкілдер палатасының зерттеулерінің заңдылығын сан рет теріске шығарып, кейбір хабардар адамдарға оның комитеттеріне баруға тыйым салды. Өкілдер палатасының Сот комитетінің Украина ісін қарастыруға қатысты ресми шақыруына қарамастан Трамптың өзі де бұл комитетке бармады. Кезінде Ричард Никсон мен Билл Клинтон олардың импичменті қарастырылған кезде Конгрестің айтқанын орындаған болатын.

Дональд Трампқа қарсы айыптар ресми жарияланып, бұл тақырып Өкілдер палатасында дауысқа салынады. Егер көпшілік дауыспен расталса, Трампқа импичмент жариялау жобасы дауысқа салынады. Бұл жобаны бекіту үшін 50 пайыз +1 дауыс қажет болғандықтан 218 дауыстың жиналу ықтималы көп. Болжамдар бойынша, жаңа жылға байланысты Конгрестің демалыстарынан бұрын Өкілдер палатасында Трампқа импичмент жариялау жобасы бекітіледі.