2 млн-нан аса америкалық құбыр суынан мақрұм қалып отыр
https://parstoday.ir/kz/news/world-i44684-2_млн_нан_аса_америкалық_құбыр_суынан_мақрұм_қалып_отыр
Бір америкалық ұйым зерттеулерінің нәтижесі көрсеткендей, АҚШ-тағы 2 млн 200 мыңға жуық адам өз үйлерінде құбыр суынан мақрұм қалып отыр.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Жел 15, 2019 16:23 Asia/Almaty

Бір америкалық ұйым зерттеулерінің нәтижесі көрсеткендей, АҚШ-тағы 2 млн 200 мыңға жуық адам өз үйлерінде құбыр суынан мақрұм қалып отыр.

"Public News" ақпарат сайтының хабарлауынша, "Диг Дип" атты су сақтау ұйымының негізін қалаушы әрі директоры Джордж МакГрав: "Көп уақыттан бері жөндеуден өтпеген бұл кешендер  шынымен ескі. АҚШ қоғамында көптеген адамдар құбыр суына қол жеткізе алмай отыр. Қалғандары аптасына бірнеше рет осы ескі құбырдан су алады",-деп түсіндірді.

Осы мәлімет көрсеткендей, АҚШ штаттарында таза тұщы су таратуға нәсіл мен экономикалық жағдай  да әсер етеді. АҚШ-тың қара нәсілді азаматтары мен латын жанұялары ақ нәсілді жанұялармен салыстырғанда көбірек үйлерінде су құбырларының болмау мәселесіне ұшырап отыр.