Қырғызстанның бұрынғы Президентіне "кісі өлтірді" деген жаңа айып тағылды
https://parstoday.ir/kz/news/world-i44685-Қырғызстанның_бұрынғы_Президентіне_кісі_өлтірді_деген_жаңа_айып_тағылды
Қырғызстанның Ішкі істер министрі осы елдің бұрынғы Президентіне "кісі өлтірді" деген айып тағылғанын хабарлады.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Жел 15, 2019 16:59 Asia/Almaty
  • Қырғызстанның бұрынғы Президентіне

Қырғызстанның Ішкі істер министрі осы елдің бұрынғы Президентіне "кісі өлтірді" деген айып тағылғанын хабарлады.

Tasnim News агенттігінің сенбі күнгі хабарлауынша, Кашкар Джунушалиев: "Оқиға орнын тексеру нәтижесі көрсеткендей, Қырғызстанның арнайы күштері басшысының орынбасары Үсен Ниязбеков Алмазбек Атамбаевқа тиесілі қарудан атылған оқпен өлтірілген. Оқты кім атқаны әлі нақты белгілі емес",-деді.

Тамыз айында тұтқындалып, қазір осы елдің Ұлттық қауіпсіздік комитетінің түрмесінде жатқан Алмазбек Атамбаев 2011 жылдың желтоқсан айынан 2017 жылдың қараша айына дейін Қырғызстанның Президенті болды.