Қырғызстанның бұрынғы Президентіне "кісі өлтірді" деген жаңа айып тағылды
Жел 15, 2019 16:59 Asia/Almaty
Қырғызстанның Ішкі істер министрі осы елдің бұрынғы Президентіне "кісі өлтірді" деген айып тағылғанын хабарлады.
Tasnim News агенттігінің сенбі күнгі хабарлауынша, Кашкар Джунушалиев: "Оқиға орнын тексеру нәтижесі көрсеткендей, Қырғызстанның арнайы күштері басшысының орынбасары Үсен Ниязбеков Алмазбек Атамбаевқа тиесілі қарудан атылған оқпен өлтірілген. Оқты кім атқаны әлі нақты белгілі емес",-деді.
Тамыз айында тұтқындалып, қазір осы елдің Ұлттық қауіпсіздік комитетінің түрмесінде жатқан Алмазбек Атамбаев 2011 жылдың желтоқсан айынан 2017 жылдың қараша айына дейін Қырғызстанның Президенті болды.