Жерорта теңізінде Ресей мен Сирияның ортақ жаттығуы басталды
https://parstoday.ir/kz/news/world-i44705-Жерорта_теңізінде_Ресей_мен_Сирияның_ортақ_жаттығуы_басталды
Ресей мен Сирия теңіз күштері Жерорта теңізінде ортақ жаттығу бастады.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Жел 17, 2019 13:40 Asia/Almaty

Ресей мен Сирия теңіз күштері Жерорта теңізінде ортақ жаттығу бастады.

Сирияның Тартус қаласындағы Ресей теңіз күштері орталығының қолбасшысы журналистердің алдында Тартус портының жаттығу жері ретінде таңдалуы кездейсоқ емес екенін айтты.

«Спутник» ақпарат агенттігінің ресейлік басшылардың бірінің сөзіне сілтеме жасаған мәліметі бойынша  бұл басшы: «Бұл жердің таңдалуына Сирия жағалауына жақын жерде орналасқан Ресейдің әскери кемелерінің халықаралық лаңкестікке қарсы күрестегі маңызды рөлі себеп болды. Сондай-ақ, ресейлік «Калибр» зымырандары осы жерден Сириядағы лаңкестерді сан рет нысанаға алды»,- деді.