НАТО-ның Бас хатшысы Батыстың әскери ұйымындағы шиеленістің күшейгенін мойындады
НАТО-ға мүше мемлекеттер бұл әскери ұйымның құрылуының 70 жылдығын қайшылықтар мен дағдарыстар бұрын-соңды болмағандай артып, келешегі белгісіз күйге тірелген жағдайда атап өтуде. НАТО-ның негізі мен тиімділігі жөніндегі қайшылықтар – Батыстың әскери ұйымының шиеленістерінің басты мәселесі.
Бұл жағдайды НАТО-ның жоғары лауазымды тұлғалары, атап айтқанда Бас хатшысы Йенс Столтенберг ескерді. Столтенберг 16 желтоқсан күні: "Батыстың бұл әскери коалициясы қауіпсіздік бойынша ең шиеленісті жағдай мен оған мүше мемлекеттер арасындағы шиеленістің күшеюімен бетпе-бет келіп отыр",- деп мәлімдеді. Бұл сөздер НАТО-ға мүше елдер басшыларының Лондонда өткен саммитінде Эммануэль Макрон мен Дональд Трамп арасында қайшылықтардан байқалған жағдайда айтылды. Кувейтте Стамбұл ынтымақтастық бастамасының (ICI) 15-ші жылдығына арналған сөзінде: "Біз НАТО коалициясының 70-шы жылдығын атап өту үшін Лондонда жиналдық. НАТО-ның қауіпсіздік кеңістігі қазіргі жағдайдай шиеленісті жағдайды бастан өткерген жоқ",- деді. НАТО-ның екі мүшесінің әскери және қорғаныс мәселелер саласындағы біржақты әрекеттері, нақты айтқанда Вашингтонның НАТО-ның басқа мүшелерімен келіспей, Анкараға Сирияның солтүстігіне шабуыл жасауына рұқсат етуі Францияның АҚШ пен Түркия арасындағы бұрын-соңды болмаған қайшылықтарға себеп болды. Бұл мәселе Франция Президенті Эммануэль Макронның наразылық білдіріп, НАТО-ның «комаға түскені» жөнінде мәлімдеуіне жеткізді. Бірақ Макронның ұстанымы Түркия мен АҚШ-тың наразылығымен бірге НАТО-ның маңызды еуропалық мүшесі Германия мен ұйымның Бас хатшысы Столтенбергтің реакциясымен бетпе-бет келді. Сөйтіп НАТО-ның құрылу философиясы мен тиімділігі жөніндегі қайшылық оның еуропалық және еуропалық емес мүшелері арасында ғана емес, еуропалық мүшелерінің өзара, яғни Германия мен Франция арасында да артуда. НАТО мүшелерінің қайшылықтарына себеп болған келесі маңызды мәселе Францияның басқаруымен еуропалық тәуелсіз қорғаныс механизмін құру саласындағы еуропалықтардың айқын талпынысы. Трамп Париждің тәуелсіз еуропалық орган құруы туралы ұстанымына байланысты Макронға наразы. Оны сан рет сынады. Негізінде НАТО біраз уақыттан бері ішкі қайшылықтар және шынайы дағдарысқа душар болып отыр. Бірақ оның кейбір мүшелері қайшылықтарды қабылдауға дайын емес.