Рухани: Иран санкцияны мұрсатқа айналдырды
(last modified Wed, 18 Dec 2019 08:48:59 GMT )
Жел 18, 2019 14:48 Asia/Almaty
  • Рухани: Иран санкцияны мұрсатқа айналдырды

ИИР Президенті АҚШ-тың Иран халқына қарсы әділетсіз санкцияларына тоқталып, Ислам республикасының дұшпандардың санкциялары мен мейлінше қысым саясатын өзінің табандылығы және қарсыласуымен мұрсатқа айналдырғанын қуаттады.

Хасан Рухани сәрсенбі күні Малайзияда өмір сүретін ирандықтармен кездесуінде: «Иран халқы АҚШ-тың тіпті азық-түлік пен дәрі-дәрмекке де салынған заңсыз санкцияларымен қарсыласып, табандылық білдірді»,- деді. Рухани АҚШ пен сионистердің Иранға қарсы санкция салып, мейлінше қысым көрсету саясатын ұстанып, Ислам республикасы жүйесіне соққы беруді көздегеніне тоқталып: «Иранның экономика, саясат, әлеумет, мәдениет және қорғаныс тұрғыларынан сыртқы қысымдарға қарсы тұрақтылығы бұрынғыдан әлдеқайда артты»,- деді. Рухани санкциялардың нәтижеге жетпейтіні мен ұзақ уақыт жалғаса алмайтынын айтып: «Барша АҚШ-тың «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасынан шығуының ешкімнің, тіпті АҚШ-тың өзі мен одақтастарының мүддесіне болмағанын біледі»,- деді.