Лондон-2012 олимиадасының алтын медалі Насир Шалалға бұйырды
(last modified Sun, 22 Dec 2019 03:44:40 GMT )
Жел 22, 2019 09:44 Asia/Almaty
  • Лондон-2012 олимиадасының алтын медалі Насир Шалалға бұйырды

Халықаралық олимпиада комитетінің жариялауымен Лондон-2019 олимпиада ойындарының ауыр атлетика саласындағы 105 кг салмақ категориясының алтын медалі жеті жылдан кейін Иранның ұлттық командасының бұрынғы спортшысына бұйырды.

IRNA News агенттігінің хабарлауы бойынша Украинаның ауыр атлеті Алексей Торохтийге қайтадан жасалған анализ нәтижесінде оның 2012 жылғы олимпиадада допинг қолданғаны белгілі болуымен 105 кг салмақтағы алтын медаль қайтарылып, ирандық ауыр атлетші Наваб Насир Шалалға берілді.
Алексей Торохтий Лондон-2012 олимпиадасында 412 кг көтеріп, 411 кг салмақ көтерген ирандық Наваб Насир Шалалдан басым түскен болатын.

Насир Шалалдың алтын медалінің расталуымен Лондон-2019 олимпиадасындағы Иран қоржынындағы алтын медалдардың саны жетеуге жетті.

Иран Лондон-2019 олимпиадасында жеті алтын, бес күміс, бір қола медальмен жалпы есепте жетінші орын алды.