Иран, Ресей және Қытай бірлескен әскери жаттығуының мақсаты – аймақ қауіпсіздігін нығайту
ИИР армиясы теңіз күштерінің қолбасшысы Үнді мұхитының солтүстігіндегі Иран, Ресей және Қытай бірлескен әскери жаттығуының мақсатын аймақтағы қауіпсіздікті нығайту деп атады.
Иран Телерадио бірлестігі ақпарат агенттігінің мәліметі бойынша, контр-адмирал Хосейн Ханзади бейсенбі күні Мешһед қаласында : «Үнді мұхитының солтүстігіндегі Иран, Ресей және Қытай ортақ жаттығуының мақсаты аймақ пен экономикалық, саяси, әлеуметтік, қорғаныс және қауіпсіздік жағынан бір-біріне жақын елдердегі қауіпсіздік пен оның негіздерін нығайтуға бағытталған. Иран, Ресей және Қытай бірлескен әскери-теңіз жаттығулары Чабаһар аймағында басталып, Үнді мұхитының солтүстігіне дейін таралады»,- деді.
Иран, Ресей және Қытайдың алғашқы үшжақты әскери жаттығулары бүгін Солтүстік Үнді мұхиты мен Оман теңізінде халықаралық сауда қауіпсіздігін нығайту аясында басталады.