Иран халқы АҚШ тың генерал Сулейманиге жасаған террорын айыптады
(last modified Fri, 03 Jan 2020 11:12:52 GMT )
Қаң 03, 2020 17:12 Asia/Almaty
  • Иран халқы АҚШ тың генерал Сулейманиге жасаған террорын айыптады

Исламдық Иранның түкпір түкпіріндегі халық жұма намазынан кейін шеру өткізіп, АҚШ тың Ислам революциясы Сақшылар корпусының «Құдс» арнайы жасағының қолбасшысы генерал майор Қасым Сулейманиді шәһид еткенін айыптады.

Исламдық Иранның халқы әртүрлі қалаларда, соның ішінде Теһранда өткізген шерулерде «Осынша әскер келді, жетекшіге махаббаттан келді», «Хусейн, Хусейн – біздің ұранымыз, шәһадат – біздің  мақтанышымыз», «АҚШ‑қа өлім» және «Израильге өлім» деп ұрандатты.

Иран халқының әртүрлі әлеуметтік топтары осы шерулерге қатысып, генерал Сулейманиді шәһид еткендерден кек алу қажеттігін қуаттады.    

 

Тегтер