Пентагон Ирактағы АҚШ армиясының екі базасына шабуыл жасалғанын растады
Пентагон Ирактағы АҚШ армиясының екі базасының Иранның Ислам революциясы Сақшылар корпусының 12-ден астам баллистикалық зымыранмен нысанаға алынғанын қуаттады.
IRNA ақпарат агенттігінің мәліметінше, Пентагонның баспасөз хатшысы Джонатан Хоффман: «АҚШ-тың жергілікті уақыты бойынша, шамамен сағат 17:30 Иран 12-ден астам баллистикалық зымыранын Ирактағы америкалық әскерилерге қарай атты. Зымырандар әл-Анбар облысындағы Ейн әл-Асад пен Ирактың Күрдістан аймағындағы Эрбил базаларына тиді»,- деп жариялады. Ислам революциясы Сақшылар корпусының Ейн әл-Асад базасына қарсы зымырандық шабуылы жөніндегі алғашқы хабарлардан бірнеше америкалық ұшақтың өртенгенін мәлім болды. Ақпарат көздерінің бүгін сәрсенбі күнгі мәліметі бойынша, сионистік режим Иранның Ирактағы АҚШ базаларына жасаған шабуылына алаңдап, өз күштерін дайын күйге келтіргенін қуаттады. АҚШ-тың Федералды авиация ұйымы бүгін сәрсенбі таңертең Иран, Ирак, Парсы шығанағы мен Оман теңізі аймағы әуе кеңістігінде өзінің ұшақтарына ұшуға тыйым салды.
Al Jazeera телеарнасының мәліметінше, Иран БҰҰ-ның Бас хатшысы мен Қауіпсіздік кеңесіне хат жолдап: «Соғысуды көздемейміз, бірақ өзімізге қарсы кез келген әскери әрекетке ескерту жасаймыз»,- деп мәлімдеді. Франция ақпарат агенттігінің мәліметінше, бүгін сәрсенбі күні Иранның Ирактағы АҚШ әскери базасына жасаған шабуылынан кейін Азия биржаларында мұнай бағасы 5,4 пайызға көтерілді.