Пентагон Иранның зымырандық шабуылы салдарынан 34 америкалықтың жараланғанын мойындады
Қаң 25, 2020 15:20 Asia/Almaty
Пентагон Иранның Ейн әл-Асад базасына жасаған зымырандық шабуылы салдарынан 34 америкалықтың жараланғанын мойындады.
Пентагонның баспасөз хатшысы Джонатан Хоффман жұма күні: «Иранның Ирактағы Ейн әл-Асад базасына жасаған зымырандық шабуылы салдарынан 34 америкалық басынан жараланды. Бұдан бұрын Германияға жеткізілген жараланған 8 әскери енді АҚШ-қа қайтарылды»,- деді.
Бұдан бұрын АҚШ Қорғаныс министрі Марк Эспер Иранның сардар Ғасем Солеймани мен майдандастарына қарсы лаңкестік шабуылға жауап ретінде қайтарған зымырандық шабуылдағы шығындары жөнінде мәлімет беруден бас тартқан болатын.
Тегтер