Қаң 29, 2020 22:59 Asia/Almaty
  • Трамптың

АҚШ Президенті Дональд Трамп Ақ үйге енгеннен бері Израиль режимін қалтқысыз қолдап, бұрын-соңды болмаған ұстаным білдіріп, елдің бұрынғы басшылары бас тартқан шараларды атқарды.

Трамп 28 қаңтарда сионистік режимнің Премьер-министрі Беньямин Нетаньяхумен бірге "Ғасыр мәмілесі" атты таңылған бітім жобасының тұсауын кесті. Ақ үйдегі бір баспасөз отырысында сөйлеген Трамп бұл жобаны таныстыруды Израиль үшін бейбітшілік жолындағы қадам деп сипаттап, жобаның экстремизммен күресуге көмектесетінін айтты. АҚШ Президенті аймаққа жасаған сапарына тоқталып, палестиналықтардың тұрмыс жағдайының нашарлығын көргенін айтты. Ол бұл сөзді палестиналықтардың қиыншылықтарының себебі, яғни Израильге тоқталмастан айтты.

Трамп 80 бетте дайындалған "Ғасыр мәмілесі" жобасын қорғап, оны осы күнге дейін Палестина қайшылығын шешу үшін егжей-тегжейлі ойластырылған жоба деп атады. Трамп жобаны "ұтыс-ұтыс" ұсынысы деп атап, бұл құжаттың "абадтанған тыныш" аймаққа жетудің практикалық жолдарын ұсынатынын хабарлады. Бұған қарамастан, ол Палестина мемлекетін құрудың болашағы олардың терроризмді қолдауды кесімді түрде тоқтатуына байланысты екенін айтты. Трамп сөзінің жалғасында Хамас пен исламдық қозғалыстардың белсенділіктерін тоқтату, Израильге қарсы ұрандарды доғару және палестиналық шәһидтердің жанұяларына өтемақы төлеуді тоқтатуды талап етті.

Бұл жобаның Израильде парламенттік сайлау жақындағанда жариялануы Нетаньяхудың көбірек дауыс жинауы мақсатында жасалғаны айқын. Трамп өз қатынасы аясында Вашингтон одақтастарының ішкі істеріне араласуын жалғастырып, Ұлыбританиядағы сайлауда осы елдің Премьер-министрі Борис Джонсонның мүддесіне орай ықпал етуге талпынғаннан кейін енді тура сол қатынасты сионистік режимнің оңшыл Премьер-министріне қатысты да қолданып жатыр. Сонымен қатар Трамп бұл тақырыпты АҚШ-тың алдағы президенттік сайлауында да өз мүддесіне пайдалануды көздеп отыр.

"Ғасыр мәмілесі" жобасының бұрыннан мәлім баптарына сәйкес, бұл жоба Құдсты сионистік режимнің ажырағысыз астанасы деп жариялап, Иордан өзенінің батыс жағалауындағы ірі бөліктерді сионистерге береді. Оның орнына бір-бірімен көпірлер және туннельдермен жалғасып жатқан бір-бірінен бөлек үш аудан – Иордан өзені, Газа секторы мен Нақаб даласының бөліктерінде тек сионистік режиммен шектесіп жатқан Палестина мемлекетін құруды қарастырған, Құдстың маңындағы 4 шаршы шақырым ауданда "Абу-Дис" атты шағын жерді Палестина мемлекетінің астанасы деп жариялауды көздеп отыр.

Трамп "Ғасыр мәмілесі" жобасын жариялады, бірақ қарсы тарап, яғни палестиналықтар ресми түрде оның баптарымен таныспаған. Палестина автономды құрылымы мен джиһадтық топтардың ешқайсысы оны қабылдамай, қатаң теріске шығарып отыр.       

 

 

Тегтер