Ақп 19, 2020 17:45 Asia/Almaty
  • АҚШ Сирияның солтүстік-шығысына 300-ден астам жүк көлігімен қару жіберді

Сириядағы Ресейдің татуластыру орталығы АҚШ-тың Сирияның солтүстік-шығысына 300-ден астам жүк көлігімен қару жібергенін хабарлады.

ISNA ақпарат агенттігінің сәрсенбі күнгі мәліметінше,    Сириядағы Ресейдің татуластыру орталығының жетекшісі Олег Журавлевтің айтуынша, АҚШ армиясы ағымдағы жылдың басынан Ирактан Сирияның солтүстік-шығысына қару-жарақ тиелген  300-ден астам жүк тасымалдайтын көліктен құрылған 13 әскери керуен жіберді. Журавлев: "Қарулы топтар үшін жіберілетін АҚШ-тың бұл қару-жарағы Сирияның солтүстік-шығысындағы Түркияның әскерилері мен бұл жерде өмір сүретін қарапайым халыққа қарсы қолданылуда",- деді. АҚШ сондай-ақ заңсыз түрде Сирияға 7000 әскериін аттандырды.

 

Тегтер